Құрметті сайт қолданушылары!

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысы Қарасай аудандық сотының сайтына қош келдіңіздер!

Біз сіздермен сайтта жүздесуге қуаныштымыз!

Алматы облысы Қарасай аудандық соты қылмыстық, азаматтық істерді қарайтын юрисдикциялы сот болып қызмет етеді. Сіздер білетіндей, әр мемлекетте сот жүйесінің атқаратын қызметі аса маңызды. Соның ішінде Қарасай аудандық соты ,сот алдында жеке тұлғалар мен, заңды тұлғалардың  заң алдындағы теңдігіне, тең құқықтығының сақталуына, сот талқылауының жариялылығы қағидаларының заңдылығына негізделіп құрылған.

Қарасай аудандық сотының сайты сот жүйесінің беделін көтеруге , азаматтардың құқықтық мәдинеті мен құқықтық тәрбиесін көтеруге, аудандық сот жұмысының, атқарылып жатқан іс-шаралардың жетістіктері жөнінде хабар таратуға және әділеттілік принципін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қарасай аудандық сотының сайтында ,аудандық соттың тарихы туралы, аудандық сот құрамы туралы, қаралып жатқан қылмыстық, азаматтық істердің күнтізбесін көріп, және Сіздерді қызықтыратын ақпараттарды оқып-біле аласыздар.

            

 

Құрметпен,

Қарасай аудандық сотының төрағасы

Адайбаев Дінмұхаммед Жарасұлы