«Латын әліпбиіне көшу: дайындық барысы» атты өткізілген семинар-кеңес

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облыстық тіл басқармасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қоғам қайраткерлері, тіл мамандары, саясаттанушылар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Латын әліпбиіне көшу: дайындық барысы» атты семинар-кеңес өткізілді.

Іс-шараны аша отырып, Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласын іске асыруда ұқсас дөңгелек үстелдердің рөлін атап өтті.

Семинар барысында қатысушылар атап көрсеткендей, латын тілі – мемлекеттің ұлттық коды мен тұрмысын сақтау жолы және  мұнда қойылған мақсаттарды іске асыруда сапалы жетуі өте маңызды болып табылады.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында атап өткендей, 2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшу керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс. Сондай-ақ, Үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көші­ру­дің нақты кестесін жасауды тапсырып, уақыт ұттырмай бұл жұмысты қазірден бастан қолға алу қажеттігін айтып өтті.

Соңында қатысушылар пікірлерімен алмасып, осындай пайдалы семинар өткізгендері үшін алғыстарын білдірді.