Нәзгүл Киекбаева Еңбекшіқазақ аудандық сотының судьясы «Дауды партисипативтік келісім арқылы реттеу тиімді» // Заң № 103 (20.09.2016)
Ұлт жоспары – әлемдік дағдарысқа қарсы бағытталған сауатты бағдарлама. Әрі бұл құжат дүние жүзін алаңдатып отырған қиын кезден елімізді шығынсыз алып шығудың бағыт-бағдарын нақты белгілеуімен құнды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлт жоспарында елдегі заң үстемдігін қамтамасыз етуге арнайы тарау белгілеп, саланы дамытуға айрықша көңіл бөлген. Құжатта көрсетілген тапсырмалар бүгінде рет-ретімен орындалып келеді. Азаматтық процесстік кодекс – осы стратегиялық жоспарды уақтылы әрі тиімді іске асыру мақсатында өмірге келген заңның бірі.