Даулар медиация тәртібімен реттелді
Алматы облысының Көксу аудандық сотында өткен аптада 2 азаматтық іс медиациялық келісімге келумен аяқталды.
Аталған істер бойынша татуластырушы-судья Г.Тынысбекова тараптармен тиісті татуластыру жұмыстарын жүргізіп, тараптар өзара келісімге келді.
Талап қоюшы Ж. жауапкер Д.-мен жасалған сату–сатып алу шартын жарамды деп тану туралы талап арызнан медиациялық келісім шартына сәйкес бас тартып, жауапкер сатып алынған автокөліктің салық берешегін толықтай төлеп, араларындағы достық қарым-қатынасын сақтап қалды.