Бейнеконференцбайланыс құралдарын техникалық қолдану қағидалары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының 2018 жылғы 7 маусымдағы No 6001-18-7-6/185 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 маусымда No 17124 болып тіркелді. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексінің , Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі 370-бабынаӘкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің сәйкес 767-бабынаБҰЙЫРАМЫН: Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (ҚР Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 15.07.2020 No 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 1. Қоса беріліп отырған Бейнеконференцбайланыс құралдарын техникалық қолдану бекітілсін.қағидалары 2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) Жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі баспа және электронды көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресмижариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағыСоттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының)Н. Шәріпов

басшысы "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі ___________ Қ. Қасымов 2018 жылғы 13 маусымҚазақстан РеспубликасыЖоғарғы Сотының жанындағыСоттардың қызметін қамтамасызету департаменті (ҚазақстанРеспубликасы ЖоғарғыСотының аппараты) басшысының2018 жылғы 7 маусымдағыNo 6001-18-7-6/185бұйрығымен бекітілгенБейнеконференцбайланыс құралдарын техникалық қолдану қағидалары1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Бейнеконференцбайланыс құралдарын техникалық қолдану қағидалары, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 370-, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бабына сәйкес әзірленді және бейнеконференцбайланыс құралдарын техникалық767-бабынақолдану тәртібін айқындайды. Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (ҚР Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 15.07.2020 No 16 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бейнеконференцбайланыс – қашықтықтағы бірнеше абоненттермен нақты уақыт режимінде интерактивтік өзара іс-қимыл жасау үшін ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар пайдаланылатын байланыс қызметі, аудио-, бейнеақпарат алмасу мүмкіндігі бар; 2) Департаменттің бейнеконференцбайланыс жүйесін үйлестіруші - соттардағы бейнеконференцбайланыс жүйесінің жұмыс істеуін үйлестіру үшін Департамент басшысы айқындайтын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметкері; 3) облыстық және оған теңестірілген соттың бейнеконференцбайланыс жүйесін үйлестіруші – бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда бейнеконференцбайланыс жүйесінің жұмыс істеуін үйлестіру үшін Соттар әкімшісі айқындайтын облыстық және оған теңестірілген сот кеңсесінің қызметкері; 4) техникалық маман – соттардағы бейнеконференцбайланыс жүйесін шартқа сәйкес техникалық сүйемелдеуді жүзеге асыратын адам.