Жаңалықтар

Зейнеткер ауыр қылмыстық құқық бұзушылық үшін жазаланды

25/04/2024
 
Алматы облысы Ұйғыр ауданының аудандық сотында азаматша М.-ға қатысты ұлттық араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық іс қаралды (ҚК 174-бабының 1-бөлігі)
 
Сотпен анықталғаны:
2023 жылдың 6 қарашасында сағат 19:00 шамасында М. азаматтардың ұлттық ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлауға бағытталған ұлттық алауыздықты қоздыру мақсатында бір ұлт пен діннің екіншісінен айрықша және артықшылығын білдіретін аудиожазбаны "What'sApp" мессенджеріндегі көршілерінің әртүрлі ұлт азаматтары бар чатына жіберген.

Алматы облыстық сотының 2024 жылғы 15–19 сәуір аралығындағы сот төрелігін атқару бойынша ақпарат

19/04/2024
Алматы облыстық сотының 2024 жылғы 15–19 сәуір аралығындағы сот төрелігін атқару бойынша ақпарат
 
Қылмыстық істер
2024 жылғы 15 – 19 сәуір аралығында Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қарауына 12 іс келіп түсті, 12 іс тағайындалды, 8 іс қаралды, 3 іс кейінге қалдырылды, 1 істің күші жойылды, 1 іс бойынша қаулы өзгертілді.
Апелляциялық қарау қорытындысы бойынша 5 іс бойынша қаулы өзгеріссіз қалдырылды.
Қылмыстық материалдар бойынша

Алматы облыстық сотының 2024 жылғы 8–12 сәуір аралығындағы сот төрелігін атқару бойынша ақпарат.

12/04/2024
Алматы облыстық сотының 2024 жылғы 8–12 сәуір аралығындағы сот төрелігін атқару бойынша ақпарат.
-Қылмыстық істер
2024 жылғы 8 – 12 сәуір аралығында Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қарауына 7 іс келіп түсті, 14 іс тағайындалды, 6 іс қаралды, 8 іс кейінге қалдырылды, 1 істің күші жойылды.
Апелляциялық қарау қорытындысы бойынша 5 іс бойынша қаулы өзгеріссіз қалдырылды.
-Қылмыстық материалдар бойынша

БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ

12/04/2024
БАСПАСӨЗ-АНОНСЫ
Судьяның «Жетісу» телеарнасы «Ойсарап» бағдарламасында сұхбаты БҮГІН 2024 жылы 12 сәуірде сағат 17:00-де өтеді.
Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Еркин Джаркинбекович Байбутаев «Жетісу» телеарнасында «Ойсарап» бағдарламасының кезекті шығарылымында сұхбат беріп, бірқатар мәселелерді талқылайды, атап айтқанда:
*сотқа жүгінетін тараптардың талап арыз беру тәртібі бойынша түсіндірме
*жер және салық даулары бойынша туындайтын азаматтық істердің сотта қарау тәртібі бойынша түсіндірме

Алматы облыстық сотында төтенше жағдайлар кезіндегі тәртіп ережелері бойынша семинар өткізілді.

12/04/2024
Алматы облыстық сотында төтенше жағдайлар кезіндегі тәртіп ережелері бойынша семинар өткізілді.
Іс-шараға ҚР Сот әкімшілігі Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы М.С.Бурашев, оның орынбасары Б.А.Шанкереев, Департаменттің бөлім басшылары мен мамандары, аудандық және оларға теңестірілген соттар әкімшісінің басшылары және Қонаев қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері қатысты.

Жалпы конкурс жариаланады

09/04/2024

* Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің бос орындарына жалпы конкурс жариаланады:

- Құжат айналымы бөлімінің басшысы.

- Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі бас маман – 1 бірлік.

- Ішкі қауіпсіздік бөлімінің сот приставы – 1 бірлік.

- Ұйымдастыру-талдау бөлімінің жетекші маманы – 1 бірлік.

- Құжат айналымы бөлімінің жетекші маманы– 1 бірлік.

 

*Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының әкімшісінің  бос орындары:

Жер учаскелеріндегі алаяқтық жазасыз қалған жоқ

04/04/2024
Алматы облысы Қарасай аудандық сотында сотталушылар Ж.Л. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі ҚК-тің) 190-бабы 4-бөлігі 2)-тармағымен, 389-бабы 3-бөлігімен, ал, Ж.А. ҚК-тің 190-бабы 4-бөлігі 2)-тармағымен және Қ. ҚК-тің 190-бабы 2-бөлігі 1)-тармағымен, 389-бабы 3-бөлігімен, яғни алаяқтық және өзінше билік ету айыбымен қылмыстық іс қаралды.
Соттың анықтағаны:

Жолда көкпар ойынағаны үшін жазаланды

28/03/2024
 
Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотының хабарлауынша: сотта Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (бұдан әрі - ҚР ӘҚБтК) 434-бабының 1-бөлігінде көзделген ұсақ бұзақылық жасау фактісі бойынша Қ. және М. қатысты әкімшілік іс қаралды.
 
2024 жылғы 24 наурызда сағат 00:30 шамасында Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылындағы Алматы көшесінде Қ. және М. 20-ға жуық шабандоздың қатысуымен көкпар ойынын ұйымдастырып, автокөлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзды.
 

Тіл-ұлттың жаны

28/03/2024
Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Тіл-ұлттың жаны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
 
Іс-шараға Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің, Алматы облысы жер қатынастары басқармасының, Алматы облысының әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары қатысты.
 

Беттер