Тіл-ұлттың жаны

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Тіл-ұлттың жаны» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
 
Іс-шараға Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің, Алматы облысы жер қатынастары басқармасының, Алматы облысының әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары қатысты.
 
Аталған іс-шараның мақсаты мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған жұмыстарды жандандыру, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қатысуымен сот ісін жүргізу барысында хат-хабарларды мемлекеттік тілде жүргізу көлемін ұлғайту болып табылады.
 
Іс-шараны судья Е.Д.Байбутаев ашып, өз сөзінде сот жүйесінде мемлекеттік тілде іс жүргізудің маңыздылығын атап кетті.
 
Сонымен қатар, судья Ш.Н.Ргебек "Мемлекеттік тіл туралы" заң жобасының негізгі ережелеріне сәйкес мемлекеттік – қазақ тілін білу әрбір азаматтың міндеті болып табылатынын атап кетті.
 
Талқылау барысында судья Н.Д.Омарбеков сот жүйесінің айналымына келіп түсетін құжаттар электрондық нысанда болуы тиіс екенін, сондай-ақ егер өтініш орыс тілде болса, оған жауап тек орыс тілде ғана емес, қазақ тілде де берілетінін түсіндірді, яғни жауап екі тілде қайтарылады.
 
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар талқыланған тақырып бойынша пікір алмасып, Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап кетті.
 
 
Қайнар: 
Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі