Архив событий

18/03/2024

18 наурыз – Ұлттық киім күні

18/03/2024
Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматына сәйкес 18 наурыз Ұлттық киім күні болып жарияланды.
 
Қазақтың ұлттық киімі- халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі және ұлттың ұлылығын дәріптеп, ұлттық кодты білдіретін жарқын көрсеткіш.
 
Осыған байланысты Алматы облысы соттары мерекені жаңа форматта атап өтіп, қатаң дресс-кодты заманауи үлгідегі ұлттық костюмдерге ауыстырды.