Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану қағидаларын және оларға қойылатын талаптар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының 2019 жылғы 15 қазандағы No 7 бұйрығы. Қазақстан РеспубликасыныңӘділет министрлігінде 2019 жылғы 21 қазанда No 19499 болып тіркелді. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы Азаматтық процестік кодексінің төртінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:133-3-бабының 1. Қоса беріліп отырған Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалықбайланыс құралдарын қолдану қағидалары және оларға қойылатын талаптарбекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Департамент басшысыН. АХМЕТЗАКИРОВ "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ________________ 2019 жылғы "___"__________ "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ________________ 2019 жылғы "___"__________ "КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ________________ 2019 жылғы "___"__________

"КЕЛІСІЛДІ" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ________________ 2019 жылғы "___"__________Қазақстан РеспубликасыЖоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасызету департаменті(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысының2019 жылғы 15 қазандағыNo 7 бұйрығымен бекітілгенСот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану қағидалары және оларға қойылатын талаптар1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану қағидалары және оларға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің төртінші бөлігіне 133-3-бабыныңсәйкес әзірленді және сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын қолдану тәртібін айқындайды. 2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) бейнеконференцбайланыс – аудио-, бейнеақпарат алмасу мүмкіндігі бар, қашықтықтағы бірнеше абоненттермен нақты уақыт режимінде интерактивтік өзара іс-қимыл жасау үшін ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар пайдаланылатын байланыс қызметі; 2) техникалық байланыс құралдары – екі және одан да көп соттардың сот отырыстары залдары немесе сот залы және мекеме арасында бейнеконференцбайланысты жүргізуді қамтамасыз ететін есептеуіш техниканың, бағдарламалық және телекоммуникациялық технологиялардың аппараттық құралдарының жиынтығы, сондай-ақ бейнеконференцбайланысы қатысушысының бағдарламалық қамтамасыз етуімен ("Сот кабинеті" сервисінің мобильдік қосымшасы) интернет желісіне қосылған жеке байланыс құралдарын қолдана отырып, сот отырысы залы мен іске қатысушы адамдармен, олардың өкілдерімен, сондай-ақ куәлармен, сарапшылармен, амандармен, аудамашылармен (бұдан әрі – процеске қатысушылар) арасында бейнеконференцбайланысы сеансын өткізуді қамтамасыз ететін құралдар; 3) сот отырысын аудио,- бейне тіркеу – сот отырысы залында бейнекамералар мен микрофондардың көмегімен тіркелетін, сондай-ақ бейнеконференцбайланыс