Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Ішкі қауіпсіздік бөлімі (бұдан әрі – ІҚБ) Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің (бұдан әрі-Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

ІҚБ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық Заңға, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

ІҚБ құрылымы мен штат санын заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысы бекітеді.

ІҚБ негізгі міндеттері:

- судьялар мен сот жүйесі қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- судьялар мен сот жүйесінің қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ жоғарыда аталған адамдарға қатысты араңдатушылық әрекеттер фактісіне қарсы іс-қимыл жасау.

Алматы облысы соттарындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты сұрақтар бойынша сенім телефондары:

8-707-454-50-38, ішкі нөмір: 0700, 0701.