Соттарға құжаттарды электрондық құжат нысанында беру құралдарын техникалық қолдану, оларды тіркеу, өңдеу, олармен танысу қағидалары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Сотының  жанындағы  Соттардың  қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысының  2018  жылғы  9  маусымдағы  No  6001-18-7-6/188  бұйрығы.  Қазақстан Республикасының  Әділет  министрлігінде  2018  жылғы  3  шілдеде  No  17148  болып тіркелді.      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 4 шілдедегі Қылмыстық-процестік кодексінің 347-бабының  сәйкес, 9 тармағынаБҰЙЫРАМЫН:      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (ҚР Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 26.10.2020 No 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.      1. Қоса беріліп отырған Соттарға құжаттарды электрондық құжат нысанында беру құралдарын техникалық қолдану, оларды тіркеу, өңдеу, олармен танысу қағидаларыбекітілсін.      2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының)  Жергілікті  соттардың  және  кеңселердің  қызметін  ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуге алынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық  актілерінің  Эталондық  бақылау  банкіне  енгізу  үшін  "Қазақстан Республикасы  Әділет  министрлігінің  "Республикалық  құқықтық  әділет  орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде баспа және электронды түрде жолдауды;      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы  Жоғарғы  Сотының  аппараты)  басшысының  жетекшілік  ететін орынбасарына жүктелсін.      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының

жанындағы Соттардың қызметінқамтамасыз ету департаментінің(Қазақстан РеспубликасыЖоғарғы Соты аппаратының) басшысыН.Шәріпов      "КЕЛІСІЛДІ"      Қазақстан Республикасының      Ақпарат және коммуникациялар      министрі      ___________ Д.Абаев      2018 жылғы 18 маусым      "КЕЛІСІЛДІ"      Қазақстан Республикасының      Ұлттық экономика министрі      ___________ Т.Сүлейменов      2018 жылғы 20 маусымҚазақстан РеспубликасыЖоғарғыСотының жанындағыСоттардың қызметін қамтамасызету департаменті(Қазақстан РеспубликасыЖоғарғы Сотының аппараты)басшысының2018 жылғы 9 маусымдағыNo 6001-18-7-6/188 бұйрығыменбекітілгенСоттарға құжаттарды электрондық құжат нысанында беру құралдарын техникалық қолдану, оларды тіркеу, өңдеу, олармен танысу қағидалары1-тарау. Жалпы ережелер      1. Осы Соттарға құжаттарды электрондық құжат нысанында беру құралдарын техникалық қолдану, оларды тіркеу, өңдеу, олармен танысу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік  (бұдан әрі - кодексінеҚПК) сәйкес әзірленді, және соттарға құжаттарды электрондық құжат нысанында беру құралдарын  техникалық  қолдану,  оларды  тіркеу,  өңдеу,  олармен  танысу  тәртібін айқындайды.      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (ҚР Жоғарғы Соты аппараты) басшысының 26.10.2020 No 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.