Архив событий

28/02/2014

Жақтардың татуласуына байланысты қылмыстық іс өндірісі қысқартылды

28/02/2014

Алматы облысы Қаратал аудандық сотымен А-ға қатысты ҚР ҚК-нің 178б. 1б. айыпталған қылмыстық іс қаралды.

Сот мәжілісінде анықталғаны А. азаматша М-ның «Нокия» маркалы ұялы телефонын ұрлап, жәбірленушіге 5 000 теңге мүліктік зиян келтірген. Келесі күні айыпталушыдан ұялы телефон полиция қызметкерлерімен алынып иесіне қайтарылған.

Сот мәжілісінде айыпталушы мен жәбірленуші ҚК-нің 67 бабына сәйкес татуласуына байланысты, А. қылмыстық жауаптылықтан босатылып, соттың үкімімен қылмыстық іс қысқартылды.

Үкім заңды күшіне енді.