Архив событий

05/08/2014

Сот залынан

05/08/2014

Сотталушы К. бөтен мүлікті жасырын түрде ұрлап, өз бас пайдасына асыру мақсатында 2014 жылдың наурыз айының 05-нен 06-на түні сағат 23.00 шамасында, Алматы облысы, Көксу ауданы, отгон учаскесінде орналасқан малды шаруашылығының мал қорасына заңсыз кіру арқылы, ол жерден құны 40 000 теңге тұратын бір бас қошқарды, құны 30 000 теңге тұратын бір бас тоқтыны және құны 20 000 теңге тұратын бір бас ешкіні ұрлап алып, нәтижесінде осы малдың иесі М. жалпы 90 000 теңгеге мүліктік залал келтірген. 

Сөйтіп, сотталушы К. мал қораға заңсыз кіру арқылы бөтеннің мүлкін жасырын ұрлаған.