Архив событий

10/12/2014

Әкімшілік құқық бұзушылық

10/12/2014

Азаматша А.Тарихова бекетінің темір жол перронында шемішке шағып, қалдығын жерге тастаған, яғни қоғамдық орынды ластаған.

     А.Тарихова ҚР Әкімшілік кодексінің 330 бабының 1 бөлігінде  көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

    Сотта, А.Тарихова кінәсін толық мойындап,хаттамада көрсетілген тужырымдармен келіскен.

     А.Тариховаға соттың қаулысымен көлемінде әкімшілік жауаптылық салынып, оған 3 айлық есептік көрсеткіш яғни,  5556 теңге әкімшілік айыппұл жазасы  салынды.

Өз уақытында рәсімделмеген

10/12/2014

Талапкер С.Бейсембаева жауапкер А.Тұрусбековке пәтерді сату сатып-алу келісім шартын жарамды деп тану туралы сотқа талап арыз берген.

Талап арызына сәйкес ол 2001 жылы 10 ақпанында 5 000 теңгеге пәтер сатып алған. Ақшаны алғаны туралы қол хатты А.Тұрусбеков жазып берген. Содан соң пәтер иесі С.Бейсембаеваға пәтердің кілтін беріп жіберген.

Талапкер сол пәтерге көшіп келген. 2001 жылы 1 ақпаннан бастап  тіркеуге отырып осы пәтерде тура бастаған. Пәтерге сатып алу келісім  шарты  нотариуста жасалмаған, қаражат жағдайы  болмағандықтан.