Бөлім туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімі (әрі қарай - ІҚБ) ҚР Жоғарғы сотының жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің (әрі қарай- Департамент) облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттарда (әрі қарай- жергілікті соттар) тиісті аймақтық бөлімшелері бар, жеке –дара құрамдас бөлімі болып табылады.

ІҚБ өз жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» Конституциялық заңдары, Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлықтары және басқа да нормативтік құқықтық актілері негізінде жүзеге асырады.

ІҚБ бөлімінің құрамы және кестелік саны Департамент Басшысымен, заңнамада көрсетілген тәртіппен бекітіледі.

Аймақтық бөлімшелердегі ішкі қауіпсздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімі Департамент ІҚБ не бағынысты бола тұра, өз алдына жеке-дара жергілікті соттардың құрамына жатады.

ІҚБ өз жұмысын жергілікті соттарда ҚР құқыққорғау және басқа да мемлекеттік органдарымен, Департаментінің басқа да құрамдас бөліктерімен бірлесе отырып, тікелей бағыныста бола тұра, заңдылық қағидасына, құпиялылық негіздеріне сүйене отырып жүзеге асырады.

Бөлім келесідегі секторлардан тұрады:

- мемлекеттік құпияларды қорғау секторы;

- сот жасауылдар секторы;

- ақпаратты қорғау секторы.

ІҚБ негізгі тапсырмалары

- судьялардың және сот жүйесі қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- судьялар және сот қызметкерлері тараптарынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы, сонымен қатар жоғарыда көрсетілген тұлғаларға қатысты аранадатушылық фактілерінің алдын-алу;     

- мемлекеттік және қызметтік құпияларды сыртқа шығу, мәліметтерді тарату фактілерін болдыртпау. 

Алматы облысының Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлім басшысының м.а. Тулепбаев Нурлан Маликович қызмет телефоны 55-87-98.