Істерді сырттай тәртіппен қарау туралы мәлімет

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысы бойынша аудандық және оған теңестірілген соттармен 2016 жылдың 8 айында сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралған істер бойынша мәлімет

          Алматы облысының аудандық және оған теңестірілген соттарымен 2016 жылдың 8 ай аралығында 13531 азаматтық іс шешім шығарумен қаралған, оның ішінде 57 іс бойынша сырттай шешім шығарылған немесе 0,42%  және   жауапкердің арызы негізінде 3 сырттай шешім бұзылған немесе 5,26% (Мамандырылған ауданаралық экономикалық соты-1, Қарасай аудандық соты-2).

            Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бірінші сатыдағы соттармен 13 594 азаматтық іс шешім шығарумен қаралып, 760 іс бойынша сырттай шешім шығарылған немесе 5,6 %, оңың ішінде 28  сырттай шешім немесе 3,68 % жауапкердің арызы негізінде бұзылған (Мамандырылған ауданаралық экономикалық соты-10, Қарасай аудандық соты-10, Талғар аудандық соты-4, Іле аудандық соты-2, Қапшағай және Талдықорған қалалық соттары бір істен).

        Осылайша, статистикалық мәліметтер бойынша былтырғы жылдың мәліметтерін салыстыра келе 2016 жылы сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралған істердің неқұрлым төмендегені байқалады.

 

 

           Алматы облыстық соты