Медиация бойынша талдау

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылдың 8 айында медиацияны қолдану бойынша жүргізілген іс-шаралар талдауы

           Елбасы қабылдаған, 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдаманың негізінде, 2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті «Медиация туралы» заңды, соған сәйкес «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамаларға толықтырулар мен өзгерістерді енгізу» елімізде соттағы даулы мәселелерді медиаторлардың қатысуымен шешу қолданысқа енгізілді.

          Өркениетті елдерде бейтарап медиаторды тарту ісі неғұрлым жедел дамып, елдегі құқықтық саясаттың жүйелі жүргізілуіне өз септігін тигізген. Олар сапалы, әрі тиімді сот төрелігін жүргізуде негізгі басымдыққа ие және заманауи құқықтық жүйенің дамуына ықпал етіп келеді екен.

           Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Төрағасының татуластыру рәсімдерін насихаттау туралы тапсырмасын орындау шеңберінде елді-мекендерде медиация кабинеттерін ашу жұмыстарын жалғастыру, оның ішінде отставкадағы судьялардың қатысуымен және де медиация кабинеттерінің тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету назарға алынып, бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

          2016 жылдың маусым айында Қазақстан  халқы Ассамблеясы, Алматы облыстық «Нұр Отан» Партиясы, Алматы облысның әкімі А.Ғ.Баталовпен  және Алматы облыстық сотының төрағасы М.Т.Таймерденовпен татуластыру институтын дамыту бойынша өзара  ынтымақтастық жасасу Меморандумына қол қойылды.

Қазіргі таңда, әкімдіктер жанынан 48 медиация кабиненттері келесі елді-мекендерде ашылды:

Алматы облысының Ақсу, Көксу, Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Қарасай, Қаратал, Кербұлақ, Панфилов, Сарқан, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандарының әкімдігі, Текелі қалалық әкімдігі;

Көксу ауданының (Айнабұлақ, Алғабас, Балпық, Еңбекші, Мұқаншы, Жарлыөзек, Мұсабек, Мұқыры, Лабасы, Қаблиса ауылдық округтері);

Балқаш ауданының (Балатопар, Топар, Желторанғы ауылдық округтері);

Алакөл ауданының (Қабанбай, Екпінді, Жыланды ауылдық округтері);

Ақсу ауданының (Жансүгір, Арасан, Егінсу, Жаңалық ауылдық округтері);  Шенгелді ауылдық округі. Бұл бағытта жұмыс жалғастырылуда.

Медиация институтын енгізу бойынша облыстың судьялары арасында бейнеконференц арқылы  бірнеше оқыту іс-шаралары жүргізілді.

2016 жылдың 02 шілдесінде Алматы облысының аумақтық коммуникация қызметінде Алматы облыстық соты судьяларының қатысуымен брифинг өткізілді, онда азаматтық сот өндірісінде татуластыру ресіміндерін қолдану мәселесі туралы айтылды.

         Сонымен қатар, облыстық сот төрағасының бастамасымен 2016 жылдың  05 шілдесінде  Қарасай аудандық сотының ғимаратында облыстың судья-координаторларды медиация ресімін жүргізу бойынша оқыту мақсатында «Халықаралық құқықтық орталығы» ҚБ-ің президенті кәсіби медиатор С.Жакупованы  шақырылып семинар-тренинг жүргізілді.

Татуластыру рәсімдерін дамытумен қоса әлеуметтік және ұлтаралық түсініспеушіліктерді болдырмау мақсатында дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жандандыру, отставкадағы судьяларды медиация кабинетінің жұмысына тарту, қоғамдық медиацияның рөлін күшейту мәселелері алға қойылып, 03.08.2016 жылы Алматы облыстық сотымен Республикалық акция «Медиация күні» Қазақстан  халқы Ассамблеясының қолдауымен Алматы облысы және ҚММ-нің «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы» аясында «Этносаралық қатынастар саласындағы медиация» тақырыбына  семинар-тренинг өтті.

Семинар жұмысына Достық үйінің, Қазақстан халық Ассамблеясының өкілдері  Батыс Қазақстан, медиация және келіссөз процесі орталығының директоры, Атырау медиация орталығының медиаторы, кәсіби емес медиаторлар және облыстың судьялары қатысты.

 Шара барысында: Қазақстан халық Ассамблеясының медиация орталығының қызметі сияқты, этносаралық дауларды медиация жолымен шешу, мәнерлер келіссөз процесі және медиация жүргізу, коммуникативті техника ерекшеліктері сондай-ақ қатысушылармен рөлдік және іскерлік ойындар өткізілді.

Бастаған жұмыс  мемлекеттік ұлттық стратегия саясатын іске асыруға қатысқан, ұлтаралық бітімгершілік пен келісімді сақтауды, өз қызметіне пайдаланған адамдардың, базалық білім алуына қамтамасыз етеді.

         05.08.2016 жылы Республикалық акция «Медиация күні» аяасында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында, Алматы облысының судьяларымен облыс тұрғындары үшін «Медиация» заңының  5 жыл толуына орай Ашық есік күні өткізілді.

         Шараға кәсіби емес медиаторлар мен үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен зейнеткерлікке шыққан судьялар қатысты.

         Аталған шараның мақсаты - халық арасында медиация институтын белсенді насихаттау.

         Шара барысында Алматы облыстық сотының судьясы Роман Батырханов медиация  саласында оны қолдану артықшылықтары мен дауды тәртіппен реттеу шеңберінде көрсетілген бітімгерлік рәсімдері жайлы айтты.

         Судьялар, шараға қатысушыларды қызықтырған медиацияны қолдану шеңбері, медиаторлардың құқықтық ережелері, медиацияның жүргізу шарттары мен дауды реттеу салдарынан қол жеткізген келісім туралы сұрақтарына жауап берді.

Қатысушылар зейнеткерлікке шыққан судьялар және кәсіби емес медиаторлардан заң кеңесін алды.

         Медиация институтын дамыту мақсатында, қоғам арасында насихаттау жұмыстарының жүргізілуін іске асыру, оның ішінде отставкадағы судьяларды тарта отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация кабинеттері базасында тұрақты қабылдауды ұйымдастыру жұмыстары  Алматы облысының әкімдігімен бірге іске асырылуы  жалғасуда.

 

Алматы облыстық соты