«Бақ-пен байланыс жанданып келеді», «ЗАҢ ГАЗЕТІ» 29.01.2014

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгінгі күні сот жұмысының жариялылығы мен ашықтығы қоғамымызда көз үйренген дағдылы көрініске айналды.

Бұған соңғы жылдары соттар­да қаралатын дау-дамай­ларға бұқаралық ақпарат құрал­да­рының қатысуы арқылы әділ төрелік жасалатындығы нақты дәлел бола алады. Өткен жылы Қапшағай қалалық сотындағы осы бағытта атқарылған көптеген шаралар республикалық және жергілікті деңгейдегі баспасөз басылымдарында жарияланып, судьяларымыздың сыбайлас жемқорлық сипатындағы іс­тердің қаралу тәртібі мен ме­диа­ция, гендерлік саясаттың маңызы және тағы да басқа құқықтық тақырыптар жөнінде 61 материалы жарық көрді. Сол мәселелердің басым көп­шілігі «Заң газетінің» бетінде жарық көргенін  айта кеткен ләзім.

Бұл материалдар өзінің мәні мен мазмұны жағынан Мемлекет басшысының судьялардың V және былтыр ғана өткен VІ съез­дерінде айтқан ойлары мен сот жүйесіне жүктеген мін­дет­­терімен тығыз сабақтасып жатыр. Елбасымыздың: «Қоғам­ның беделі соттардың атқарған қыз­метіне қарап бағалана-ды», – деген пікірінде үлкен өмір шындығы жатқандығын жоқ­қа шығара алмаймыз. Ол адам тағдырын таразылайтын әр­бір судьяның әділ төрелік жасар кездегі өлшемі мен биік ұстанымына айналуы тиіс. Демократиялық қоғам құрудағы басты талаптың бірі – әділ сот төрелігі арқылы азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіріп, олардың мүдделерін қорғау болып табылады. Алайда, тәжірибеде сот төрелігіне жүгін­ген екі тараптың да талап-тілегін қанағаттандыру әрдайым мүмкін бола бермейді. Көп жағ­дайда әділдік іздеп келген екі тараптың бірі ұтылып, үлкен өкпемен кетсе, екіншісі сот төрелігіне ризашылығын білдіреді.

Сондай кездердегі ең қиыны – жеңіліс тапқан тарапқа олардың іс- әрекетінің заң талабына қайшы екендігін түсіндіру. Сондықтан да, соттар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қарапайым халықтың құқықтық сауа­тын көтеруге көп көңіл бөліп отыра­ды. Өткен жыл ішінде Қап­­шағай қалалық сотының судьяларымен еңбек дауларын қараудың негізгі аспектілері, мұрағаттық істер бойынша сұратулардың орын­далуы және тәртібі, наша­қор­лықтың зиян­дылығы, ерекше талап қою өндірісі, медиация, элек­тронды талап арызды сотқа жолдау, бұйрық арқылы іс жүргізу, мұра қалдыру, әкім­шілік жауапты­лық, сотқа құрмет білдірмегені үшін жауаптылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық, қоғамдық тәртіпке қол сұғатын әкімшілік құқықбұзушылық, тағы да басқа көптеген тақырыптар бойынша жұртшылыққа құқық жөнінен қажетті мағлұмат бере­тін көптеген материал­дар жарияланды. Бұл істі ұйым­дастыру барысында сот­тың бас маманы Әйгерім Әбді­ғазиева­ның көп еңбек сіңір­генін айта кету керек.

Жанна ЗАРИДЗЕ, Алматы облысы, Қапшағай қалалық сотының судьясы.