Нұржан Қарабаев Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау» // «Заңгер» журналы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Заңсыз іс-әрекеттерге әкімшілік шағым жасау- Қазақстан Республикасы әкімшілік құқығының көкейкесті мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының ұйымдарындағы, мемлекттік органдардағы әкімшілік құқық саласына қатысты азаматтар құқықтарын қорғаудың жай-күйі жоғары тұрған соттың және уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 827-бабының талабына сай, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекеттеріне) жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және (немесе) мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа шағым жасалуы мүмкін. Адам өз құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өзіне белгілі болған күннен бастап екі ай ішінде жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және (немесе) сотқа шағыммен жүгінуге құқылы.

Сонымен қатар, сот тарапынан сотқа қатысушы тараптарға каулыға, қаулы заңды күшіне енген күннен бастап, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексiнiң 833 бабының талаптарын сақтай отырып, 6 ай ішінде кассациялық тәртіппен шағым немесе наразылық келтіруге болатындығы түсіндіндіріліп келеді.

Алматы облысы Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында 2015 жылы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 44-45 тарауы бойынша барлығы -224 шағым келтіріліп, ҚР ӘҚБтК 839 бабына сәйкес,  шешім шығарылды.

Оның ішінде, ҚР ӘҚБтК  44-тарауымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) келтірілген шағымдар саны – 70

Оның ішінде:

10 шағым шағым берушінің арызы бойынша кері қайтарылды.

1 шағым заңды тұлғаның мекен-жайы бойынша қарау үшін кері қайтарылды

5 шағым  қанағаттандырылды

1 шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.

      ҚР ӘҚБтК 44 тарау бойынша Алматы облысы аппеляциялық сот алқасына барлығы 19 шағым,  кассациялық сот алқасында 3 шағым келтірілді, нәтижесінде 21 шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылып, сот қаулысы күшінде қалды, 1 шағым қанағаттандырылды.

      ҚР ӘҚБтК 45 тарауымен, яғни, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды аппеляциялық тәртіппен қайта қарау бойынша сотқа барлығы 153  шағымдар түсті, оның ішінде Талдықорған көлік прокурорының наразылығы бойынша 1 қаралды.

      Оның ішінде:

7  шағым  шағым берушінің арызы бойынша кері қайтарылды.

83 шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.

1 наразылық қанағаттандырылды.

ҚР ӘҚБтК 821 бабының 4 бөлігіне сәйкес, өзіне қатысты іс қаралған тұлғаның әрекеттерінде осы Кодекстің басқа бабында немесе 2-бөлімі Ерекше бөлігі бабының бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайда, сот құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша қатаң емес әкімшілік жаза көздейтін бабына немесе өзгертуге құқылы

Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК 842 бабының 2 бөлігі бойынша шағымды, наразылықты қарау нәтижесінде, жасалған әрекетке берілген заңдық бағаны дұрыс емес деп танып, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша қатаң емес әкімшілік жаза көзделген бабына өзгертуге құқылы.

        Осы бапты қолдана отырып, 42  шағым жартылай қанағаттандырылып,  қаулы өзгертілді.

Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 840 бабына сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының күшiн жоюға әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңның дұрыс қолданылмауы, осы Кодекстiң процестік нормаларының елеулi түрде бұзылуынегіздер болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексiнiң 741 бабының 1 бөлігінің 2 тармағына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық құрамының болмауы жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қысқартылуға жатады.

Осы уақытқа дейін 16 шағым бойынша қаулысының күші жойылып, шағым қанағаттандырылды.Шағым берген жеке тұлғалар саны-43.Шағым келтірген заңды тұлғалар саны- 98.

ҚР ӘҚБтК 45 тарау бойынша Алматы облысы кассациялық сот алқасына барлығы 12 шағым келтірілді, оның ішінде, 7 шағым қанағаттандырусыз қалдырылып, сот қаулысы күшінде қалса, 5 шағым қанағаттандырылды.

       Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүзеге асыратын органның әрекеттеріне немесе әрекетсіздігінешағым жасаудың құқықтық аспектілері Қазақстан Республикасының Конститутциясы,Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, Нормативтік құқықытық актілер туралы 1998 жылғы 24 наурыздағы заңға сәйкес реттелген. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне жоғары тұрған органға немесе мамандандырылған аудандық және оған тенестірілген әкімшілік сотқа шағым жасау мүмкіндігі заңдық тұрғыда дәйектелген. Шағым жазбаша немесе ауызша беріледі. Бұл ретте ауызша шағымдарды рәсімдеуге тоқталсақ, олар міндетті түрде процессуалдық тұрғыдан хаттамаға енгізілуге тиіс және оған арыз келтіруші тұлға және шағымды қабылдаған лауазымды тұлға қол қою керек. Тәжірибе жүзінде осы аталған рәсімнің сақталмауы шағымның келтірілгеніне күмән тугызады. Ал, жазбаша шағымдар жалпы тәртіп бойынша қағаз жүзінде жазбаша түрде немесе қазіргі кезде кең қолданыс тауып келе жатқан электронды поштамен шағым келтірушінің жеке кілтімен бекітілген электронды қолымен де берілуі мүмкін.  

Сонымен қатар, шағым берушіге шағымын қайтарып алу құқығы да берілген. Мысалы өзіне қатысты іс қозғалған тұлға жәбірленуші, заңды өкілін қоспағанда, өзінің қорғаушысының өкілінің шағымын қайтарып алуға құқылы. Бұл ретте, шағым тек оның жазбаша келісімі арқылы ғана қайтарылуы мүмкін және шағымды қайтарып алу оның қайта берілуіне кедергі келтірмейді.

Әкімшілік құқық саласында шағым беруді реттеу мәселесі төңірегінде шағымды беру мерзімі ерекше реттелген. Бұл ретте адам өз құқықтарының бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы туралы өзіне белгілі болған күннен бастап, екі ай ішінде жоғары тұрған органға немесе сотқа шағыммен жүгіне алады. Шағым беру мерзімін өткізіп алу, шағымды қабылдаудан бастартуға негіз болып табылмайды, және кез келген азаматтың шағымы әділ шешіліп, тиісті нәтижеге жетуі үшін мемлекеттен заңдық тұрғыда қолдау көрсетіледі.

Айта кету керек, сотқа жолданып жатқан  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыруға құқылы құзырлы органдар тарапынан мемлекеттік тілде толтыруын қатаң бақылауға алып, іс жүзіне асырса, мемлекеттік тілдегі қаралатын істердің саны да көбейіп, мәртебесі де артатыны сөзсіз. Себебі, көбінесе сотта қаралатын істер бойынша бір байқағаным, құқық бұзушының ұлты қазақ болса да әкімшілік хаттамалар орыс тілінде толтырылып, құқықтары да орыс тілінде түсіндіріліп жатады, Сол себептен, мемлекеттік органдар  осы мәселеге келгенде өзіміздің ана тіліміздің аясын кеңейтіп, құқық бұзушылардың құқығын бұзбаса деген ұсыныс айтқым келеді.