Алматы облыстық сотында тергеу судьяларымен семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облыстық соты бейнеконференцбайланыс арқылы облыстық тергеу судьялары арасында семинар өткізді.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы С.С.Сакенов тергеу судьяларының жұмыс сапасын жақсарту, олардың өкілеттігіне жатқызылған мәселелерді қарау бойынша бірыңғай практиканы әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Облыстық соттың тергеу судьясы К.К.Жантасов бұлтартпау шарасы ретінде кепілді қолдану туралы айтты, сондай-ақ, кепіл тек прокурордың санкциясы не соттың қаулысымен, тергеу судьясымен қолданылады деп атап өтті.

Кепіл ретінде ерекше тарихи, ғылыми, көркемдік немесе мәдени құндылығы бар, ақша сомаларынан басқа, құндылықтар, атап айтқанда, бағалы заттар, антиквариат және басқа да заттар қабылдануы мүмкін. Сондай-ақ, кепіл ретінде жылжымалы және жылжымайтын мүлік, яғни, көлік құралдары, жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, құжаттық эмиссиялық емес бағалы қағаздар қабылдануы мүмкін. Егер үй иесінің кәмелетке толмаған балалары бар болса, пәтер немесе үй кепіл ретінде ұсынылмайды. Тергеу судьясы: «Қылмыстық процесте Кепілді қолдану қазіргі уақытта өзекті болып табылып, кеңінен қолдану тапты және бірінші кезекте халықаралық стандарттарға сай қажеттігімен байланысты»,- деп атап өтті.

Семинарға қатысушылар бірыңғай сот практикасын әзірлеу мақсатында проблемалық мәселелерді талқылады және көрсетілген бұлтартпау шарасын қолдану қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау және күдіктілер, айыпталушыларды қоғамнан оқшаулау жағдайында күтіп-бағуға бөлінетін мемлекеттің ақша қаражатын үнемдеуде оң әсерін тигізеді деген  тұжырымға келді.