Алматы облысында журналистерге ЕХРО билеттері сыйға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облыстық сотында журналистерді, сондай-ақ аудандық соттардың баспасөз қызметі үйлестірушілері мен мамандарын келе жатқан кәсіби мереке – байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.

Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов: «Бұқаралық ақпарат құралдары мен соттардың өзара іс-қимылдарының негізгі мақсаты - жариялылық, ашықтық және сот төрелігінің ашықтығы принциптеріне негізделген, соттар қызметінің объективті, шынайы және жедел жарықтандыруынан тұрады. Көбінесе бұқаралық ақпарат құралдары «төртінші билікте» қалыптасатын қоғамдық пікір мен азаматтардың сотқа деген сенімі маңызды факторлар болып табылады. Өйткені, олар сот қызметі туралы ақпараттың үлкен бөлігін адамдарға жеткізеді», - деп атап өтті.

 Жемісті ынтымақтастық және сот жүйесі қызметінің жоғары кәсібилігін насихаттауда бірқатар журналистерді ЕХРО-2017 Халықаралық Көрмесіне билеттермен марапаттады және алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, облыс соттарының судьялары мен мамандарына БАҚ-пен өзара іс-қимылына үлес қосқаны және сот жүйесін ілгерілетуге белсенді  ат салысқаны үшін грамоталар табысталды.

БАҚ-пен өзара іс-қимылды үйлестіруші судья Нұргүл Жекенова құттықтау сөзін сөйлеп, журналистерге қызықты жарқын материалдар мен жобалар, өзгермейтін қалам өткірлігін, барлық бастамаларына сәттілік, сондай-ақ ашық аспан, отбасылық қуаныш, мықты денсаулық және бақыт тіледі.

Салтанатты іс-шара мерекелік облыс соттарының мамандары ұйымдастырған концертпен аяқталды.