Кербұлақ ауданында мал ұрлығы бойынша қылмыстық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Кербұлақ ауданының №2 аудандық сотында сегіз сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.Сотталушылар  2012 жылдан бастап бес жыл бойы Кербұлақ аумағында  малдарды ұрлап келген.

Сотпен анықталғандай, сотталушылар өздерінің қылмыстық іс-әрекеттерімен 10 эпизод бойынша  ұрлық жасап, жәбірленушілерге жалпы құны 3 245 000 теңге материалдық залал келтірді.

Аталған қылмыстық іс бойынша процестік прокурор мен сотталушылар арасында кінәні мойындау және материалдық залалды толық орнына қою туралы мәміле түріндегі процестік келісім жасалған.

Сот үкімімен сотталушылар ҚК-нің 188 бабы 3 бөлігімен, 188 бабының 2 бөлігінің 1,2, тармақтарымен кінәлі деп танылып, оларға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ҚК-нің 63 бабының негізінде бас бостандығынан айыру жазасы шартты деп саналды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.