«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау тәртібі» тақырыбына семинарлық сабағы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2015 жылғы 28 тамызда Енбекшіқазақ аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау және қарау тәртібі» тақырыбына семинарлық сабақ өткізілді.

Іс-шараға полиция мен прокуратура қызметкерлері, сондай-ақ сот кеңсесінің мамандары қатысты.  

Судья Г.Бектұрғанова әкімшілік полиция қызметкерлерімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар түзетулермен толтырылады, құқық бұзушының бұрын сотталғаны және әкімшілік істе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны  сияқты мәліметтер көрсетілмейді, сотқа істің жіберілу уақыты бұзылатынын атап өтті.

Ағымдағы жылдың статистикалық мәліметтеріне сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық сотымен 19 жеке қаулы шығарылған.

Семинар соңында судья Г.Бектұрганова әкімшілік құқық бұзушылық істерді рәсімдеген кезде полиция қызметкерлерімен қолданыстағы заңнамадағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің ережелерін қатаң сақтау қажеттігін  атап айтты.