«Оңайлатылған іс жүргізу бойынша заңнамадағы новеллалар» тақырыбында дөңгелек үстел

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ескелді аудандық сотында «Оңайлатылған іс жүргізу бойынша заңнамадағы новеллалар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына судья С.А.Сапажанова-Джелдогутова, кеңсе меңгерушісі А.Абдуллина, Ескелді нотариалдық аймағының нотариусы С.Нургалиулы, К.Досанова, АО «Казахтелеком» бас маманы  Г.Имангельдина және Ескелді аудандық аппарат әкімшілігінің өкілі Б.Саркулов қатысты.

Өз сөзінде судья: «Дауларды шешудің сотқа дейінгі және соттан тыс инситутын енгізу, соңғы заңнамалардағы жаңалықтарды тиімді пайдалану», -деп атап өтті.

Дөңгелек үстелдің қорытынды бөлімінде судья соттардың жүктемесін азайтуға арналған кешенді шаралар өткізіп,оңайлатылған іс жүргізу бойынша заңнамадағы новеллаларды іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге ұсыныс келтірді.