Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жаңа ҚПК-нің нормаларын қолдану практикасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысы Талғар аудандық сотында Талғар аудандық сотының төрағасы Т.Е.Мыятбековтың, Талғар ауданы прокурорының көмекшісі А.Қ.Мұқалымның, Талғар ауданы Әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы А.Н.Досжановтың, Талғар ауданының ХҚКО-ның өкілі М.Е.Кокынбаевтың,  Талғар ауданы Әділет басқармасының өкілі Б.Амангелдінің, «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің шағымдар мен талап арыздар бөлімінің маманы Д.А.Салибаевтың, жеке сот орындаушылардың өкілдері А.Б.Бахытовтың, А.Б.Бакшакованың, С.Ш.Акимжановтың, Талғар аумақтық сот актілерін орындау бөлімінің аға сот орындаушысы А.Д.Карасаевтың және БАҚ өкілдері,  жергілікті «Талғар ауданының қоғамдық-саяси газеті» басылымы редакторының орынбасары Ф.Ержанованың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жаңа ҚПК-нің нормаларын қолдану практикасы» туралы дөңгелек үстел  өткізілді.

Іс-шараны ашқан Талғар аудандық сотының төрағасы Т.Е.Мыятбеков сыбайлас жемқорлықпен күресу – барлық қоғамның, әр азаматтың ісі екендігін әрбір қазақстандық, әр отбасы түсіну керек екендігін атап өтті.

Іс-шара барысында қатысушылармен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары бойынша жаңа ҚПК-нің нормаларын  дұрыс қолдану және сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жауапкершіліктерді талқылады.