Жалған номермен автокөлікті жүргізген

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында  11.07.2014 ж. 23 сағат 35 минут шамасында жүргізуші Талдықорған қаласыда көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу номерлі «Ниссан Максима» маркалы автокөлікті жүргізген Р.Зыковқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Р.Зыковтың кінәсі әкімшілік құқық бузушылықты қасақана жасағаны әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен басқа да іс құжаттармен толықтай дәлелін тапқан.

Соттың қаулысымен Р.Зыков ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабының 3-1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза 1 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды