сот

3 адамның өліміне кінәлі жүргізуші сотталды

05/11/2014

Бүгін Алматы облысының Ақсу аудандық сотында сотталушы көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзып, адамның өліміне әкеп соқтырған И.Жуковқа қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Азамат И.Жуков «Ауди-100» маркалы автокөлігімен «Талдықорған-Лепсі» тас жолының оңтүстік бағытын бетке алып келе жатып, қарама-қарсы келе жатқан «Mitsubisi Delica» автокөлігімен соқтығысқан. Жол көлік оқиғасының салдарынан үш адам қайтыс болып, екі адам әртүрлі жарақат алған.

Тоқтап тұрғанда автокөлік терезесін жабуды ұмытпаңыз

12/03/2014

Аксу ауданы, Жансүгіров аулынның тұрғыны дүкен алдында тоқтап тұрған «Газ 33023» автокөлігінің ішінен қол жетімділік жағдайында ұялы телефонды ұрлап, айыпқа тартылды.

Сұғанақ терезесі ашық тұрған автокөлік жанынан өтіп бара жатып автокөлік панелінде жатқан «Нокия 1600» маркалы ұялы телефонын көріп, ұрлап, жәбірленушіге 5000 теңге  залал келтірген.

Істі қарау барысында шығынның орыны толтырылуына байланысты тараптар өзара келісімге келді.