Сақтандыру заңнамасындағы өзгерістерді талқылау және сақтандыру дауларынан туындайтын мәселелерді қарау бойынша дөңгелек үстел өтті

Хат жолдауХат жолдау
Ағымдағы жылы 19 ақпанда Алматы облыстық сотының Оқу орталығы сақтандыру заңнамасындағы өзгерістерді талқылау және сақтандыру дауларынан туындайтын мәселелерді қарау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел жұмысына Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, сақтандыру омбудсманы И.А.Яковенко, Алматы облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары Ж.Палманов, Ж.Т. Әмірова және Д.Е.Игеликова, сондай - ақ «Халык» және «Евразия» сақтандыру компанияларының өкілдері – Т.Е. Койшинов және А.Д.Енгалычев қатысты.
Бірінші спикер болып Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқаларының судьясы Н.С. Хан сөз сөйлеп, тақырыптың өзектілігі 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтандыру заңнамасына өзгерістер қолданысқа енгізілгенімен, атап айтқанда сақтандыру дауларын міндетті түрде сотқа дейінгі тәртіппен сақтандыру омбудсманына жүгіну арқылы реттеу қажеттілігімен туындағанын атап кетті.
Бұл ретте заң өтініш субъектілерін сақтандыру түрлері бойынша шектейтінін және олардың талаптарының сомасын шектейтінін атап кетті.
Осылайша, сақтанушылар сақтандырудың барлық түрлері бойынша сақтандырушылармен келіспеушіліктерді реттеу үшін сақтандыру омбудсманына жүгінуге құқылы, егер келіспеушіліктер бойынша талаптардың сомасы айлық есептік көрсеткіштің он мың мөлшерінен аспаса.
Бұдан әрі сақтандыру омбудсманы И.А.Яковенко презентация жасап, сақтандыру омбудсманының дауларды қарау тәртібін толық атап, сақтандыру дауларын қараудың нақты мысалдарын келтіріп, оның ішінде статистикалық деректерге сүйене отырып, сақтандыру саласындағы ағымдағы жағдайға өз көзқарасымен бөлісті.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар арасында сындарлы пікір алмасу өтіп, спикерлерге қызықтыратын сұрақтар қойылып, толыққанды жауаптар алынды, сондай-ақ қатысушылар сотқа дейінгі реттеу институтын одан әрі дамыту және бірыңғай практиканы қалыптастыру үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап кетті.
 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі