Судья адалдық пен әділдіктің бейнесі.

Хат жолдауХат жолдау

Судья адалдық пен  әділдіктің  бейнесі.

Судья – Қазақстан Республикасының  Конституциясында  және  Конституциялық заңдарда  белгіленген  тәртіппен  сот  төрелігін  жүзеге асыру  өкілеттігі берілген, өз міндеттерін  тұрақты негізде атқаратын  және сот  билігін  жүзеге асыратын  мемлекеттің  лауазымды  адамы.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында судьялар дербестігін арттыру, судья болуға үміткерлерді  дайындау, білікті  заңгерлерді тарту сынды тапсырмалар берілді. Бұл әділетті Қазақстан идеясының бірден-бір бастамасының  дәлелі екенін айтты.

Судья  болып,  әділдіктің тізгінін жалғап, халыққа  қызмет атқару – сіздің  жеке  таңдауыңыз.

Осы  негізде судья қызметіне қалай тағайындалуға болатынын  төмендегі бейне-роликте назарыңызға ұсынамыз.

Осы бір ақпарат сізге дұрыс таңдау жасауға  септігін тигізеріне сенімдіміз.

Ал өз таңдауын  жасап, шешім қабылдаған үміткер Сізге  сәттілік  серік  болсын!