Архив событий

03/03/2014

Заңды маңызы бар факты анықталды

03/03/2014

Талдықорған қалалық сотымен азамат Х-тің заңды маңызы бар фактыны анықтау туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық іс материалдары бойынша азамат Х.-тың еңбек кітапшасын толтырған кезде оның жеке басына қатысты мәліметтер толығымен жазылмаған. Жеке куәлігінде көрсетілген жазбалар еңбек кітапшасында бұрмаланып көрсетілген. Қазіргі уақытта зейнет жасына жеткендіктен Талдықорған қалалық зейнетақы беру бөліміне жүгінген, бірақ жоғарыда аталған себептерге байланысты аталған мекеме құжаттар рәсімдеуден бас тартқан және сотқа жүгіну керектігін айтқан.