Архив событий

26/03/2014

Сотталушы келтірген зиянды толтырды

26/03/2014

Жансүгір ауылының тұрғыны азамат А. бөтен мүлікті жасырын түрде ұрлау мақсатында, 2014 жылы ақпан айынын 01-і күні өзінің танысы С-тың үйіндегі екі қап бидайды ешкімнің жоқ екендігіне көз жеткізіп заңсыз жасырын түрде ұрлап кетіп, жәбірленуші С-қа 10 000 /он мың / теңге елеулі зиян келтірген, яғни Қазақстан Республикасының ҚК-нің 175-бабының 1- бөлігімен қылмыс жасады деп айыпталды.

Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу

26/03/2014

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының  қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 461 бабының 3-1-бөлігімен кінәлі деп танылған  О.Абдильдановке қатысты  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралған.

Жүргізуші О.Абдильданов Талдықорған қаласы Қабанбай батыр көшесімен шығыс бағытында көрінеу жалған В 405 WBN мемлекеттік тіркеу номірі «Мерседес» маркалы  автокөлікті жүргізген.

Сонымен өзiнiң қасақана iс-әрекетiмен О.Абдильданов ҚР ӘҚБтК-ң 461-бабының 3-1 бөлігімен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған.