Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының  қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 461 бабының 3-1-бөлігімен кінәлі деп танылған  О.Абдильдановке қатысты  әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралған.

Жүргізуші О.Абдильданов Талдықорған қаласы Қабанбай батыр көшесімен шығыс бағытында көрінеу жалған В 405 WBN мемлекеттік тіркеу номірі «Мерседес» маркалы  автокөлікті жүргізген.

Сонымен өзiнiң қасақана iс-әрекетiмен О.Абдильданов ҚР ӘҚБтК-ң 461-бабының 3-1 бөлігімен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған.

О.Абдильдановтың кінәсі әкімшілік құқық бузушылықты қасақана жасағаны әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен басқа да іс құжаттармен толықтай дәлелін тапқан.

Соттың қаулысымен О.Абдильданов ҚР  ӘҚБтК-нің 461-бабының 3-1 бөлігімен кінәлі деп танылып,  оған әкімшілік жаза ретінде мемлекет пайдасына 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни, 37 040  (отыз жеті мың қырық) теңге әкімшілік айыппұл салу  жазасы тағайындалды.