Сотталушы келтірген зиянды толтырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жансүгір ауылының тұрғыны азамат А. бөтен мүлікті жасырын түрде ұрлау мақсатында, 2014 жылы ақпан айынын 01-і күні өзінің танысы С-тың үйіндегі екі қап бидайды ешкімнің жоқ екендігіне көз жеткізіп заңсыз жасырын түрде ұрлап кетіп, жәбірленуші С-қа 10 000 /он мың / теңге елеулі зиян келтірген, яғни Қазақстан Республикасының ҚК-нің 175-бабының 1- бөлігімен қылмыс жасады деп айыпталды.

Сот мәжілісінде сотталушы А. кінәсін толық мойындап, өзінің танысы С-тың ұйықтап жатқанын пайдаланып, арақ сатып алу үшін соңғынын үйіндегі екі қап бидайды ұрлап алып кеткенін, қазіргі кезде жәбірленушімен татуласқанын, келтірген залалдың есесін толтырғанын, өзін қылмыстық жауаптылықтан босатып, қылмыстық ісін қысқартуын сұрады.

Сот мәжілісінде жәбірленуші С-тың сотталушы А.-ны кешіретіні, өз-ара татуласқандары, келтірілген залалдың орнына қойылғаны, оған қатысты қылмыстық істі қысқартуды сұраған арызы жарияланды.

Алматы облысы, Ақсу аудандық сотының қаулысымен азамат А. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасауда айыптау туралы қылмыстық ісі сотталушының жәбірленушімен татуласуына және жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтыруына байланысты, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 67-бабының 1-бөлігі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылды, қылмыстық ісі қысқартылды.

Қаулыға наразылық, шағым болған жоқ. күшіне енді.