Архив событий

02/12/2016

Құқықбұзушылар жауапкершілікке тартылды

02/12/2016

Еңбекшіқазақ аудандық сотымен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабы 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша Ж.Жалимбетов пен Д.Мырзабековке қатысты әкімшілік іс қаралды.

Панфилов аудандық сотында судьялардың VII съезінде мемлекет Президенті берген тапсырмаларды талқылау жөнінде дөңгелек үстел өтті

02/12/2016

Панфилов аудандық сотының төрағасы А.К.Әбдірайымов судьялардың, мемлекеттік мекемелердің өкілдері: аудан әкімі аппаратының басшысы А.Ж.Садыков, қала әкімінің орынбасары Х.Т.Ахметов, үкіметтік емес ұйымның өкілдері: мүгедектерге арналған қоғамның басшысы М.А.Нуптибеков, зағиптерге арналған қоғамның басшысы С.К.Жантемирова, ауғандық жауынгерлер одағының өкілі А.И.Нурбеков, адвокат С.Қобдалиев, кәсіби емес медиатор Е.К.Сабденбековтың қатысуымен Қазақстан судьяларының VII съезінде Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды талқылау жөнінде дөңгелек үстел өткізді.

Алматы облысы Көксу аудандық сотының төрағасы аудан белсенділерімен кездесу өткізді

02/12/2016

Алматы облысы Көксу аудандық сотының төрағасы Қ.Иманханов аудан тұрғындары, ауылдық округ әкімдері: М.Б.Базилов, Е.Т.Тургамбаев, Б.А.Абулкасымов, С.Т.Ихсанов, Е.А.Бейсенов, Е.О.Шалкыбеков, Б.К.Умиралинов, Д.С.Белижанов, К.Бимуханов, аудандық маслихаттың жетекші маманы Е.С.Нурдаулетов, аудандық прокуратура прокуроры А.Тукенова, әділет басқармасының маманы Б.Мадеринов және БАҚ өкілдерінің қатысуымен аудан белсенділерімен кездесу өткізді.

Судья Ана үйіне барды

02/12/2016

№1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы М.Тоқтагулова «Ана Үйі» (Дом мамы) қоғамдық қорында Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Судья барлық қатысушыларды құттықтап, жас әйелдерге денсаулық, табыс, төзім мен өркендеуді тіледі. Сондай-ақ, судья бір жасқа толып отырған Кәусәр деген қызға «Тұсау кесер» дәстүрін өткізіп, оған әртүрлі заттар түрінде сыйлықтар сыйлады.