Архив событий

06/12/2016

Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық үшін сотталды

06/12/2016

Талдықорған қалалық сотында ҚР ҚК-тің 189-бабы 3-бөлігі 1,2-тармақтарымен (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттік берілген адам не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам, егер олар өзiнiң қызмет бабын пайдалануымен ұштасса, iрi мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қарастырылған қылмысты жасаған Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі (Талдықорған қаласы)» ММ бұрынғы басшысына қатысты үкім шығарылды.

Әкімшілік істердің жеке санаттары бойынша медиация институтын қолдану

06/12/2016

Талдықорған ауданаралық әкімшілік сотында сот төрағасы Н.Қарабаев судьялардың, Талдықорған қаласының ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің басшысы және кәсіби медиатор А.Қыстаубаевтың қатысуымен «Әкімшілік істердің жеке санаттары бойынша медиация институтын қолдану» тақырыбына дөңгелек үстел өткізді.

Жер учаскелерi мемлекетке қайтарылып берілді

06/12/2016

Алакөл ауданының №2 аудандық сотында шаруа қожалығын жүргізу үшін азамат Е.М.-ге берілген жер учаскелеріне қатысты жылжымайтын мүлікті иесі жоқ деп және коммуналдық меншік құқығын тану туралы Алакөл ауданы әкімінің арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, азамат Е.М. аудан әкімдігіне жер учаскесiнен ерiктi түрде бас тартқаны туралы нотариалдық куәландырылған арызын жазған.

Дау медиация тәртібінде реттелді

06/12/2016

Текелі қалалық соты ҚР ҚК-тің 107-бабы 1-бөлігі және 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру және бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша айыпталып отырған Х.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот төрағасы брифинг өткізді

06/12/2016

№1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот төрағасы Б.Тұрлыбеков, судьялар, мамандар, прокуратура өкілдері, Талдықорған қаласының ювеналды полиция инспекторы, «Талдықорған ақшамы» газетінің тілшісі А.Кәлімханның қатысуымен «Судьялардың VII съезінде белгіленген негізгі міндеттер» тақырыбына брифинг өткізді.

Еңбекшіқазақ аудандық сотында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесі туралы мәселелер талқыланды

06/12/2016

Еңбекшіқазақ аудандық сотында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында сот мамандарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» және «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» тақырыбына семинар сабақ өтті.

Бас маман Т.Досымбек өз баяндамасында, сыбайлас жемқорлықпен күресі барлық және әрбір адамның міндеті, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық еліміздің экономикалық және саяси дамуы үшін маңызды мәселе болып табылатынын атап өтті.

Сотпен білім гранты бойынша оқу үшін қарыз сомасы өндіріп алынды

06/12/2016

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық соты «Қаржы орталығы» АҚ-ның жауапкер А.-дан білім гранты бойынша оқу үшін қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап қою бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде азаматтық іс қарады.

Сотта анықталғандай, 01.09.2001 жылы жауапкер А., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және «Қаржы орталығы» мемлекеттік мекеме арасында үш жақты несиелік келісім жасалды, оған сәйкес Қаржы орталығы ЖОО-ға қарыз алушы-студенттің оқуы үшін ақша аударған.

Пәтерді жалға өткізу бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған

06/12/2016

Талдықорған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-тің 463-бабы 1-бөлігі бойынша азамат С.-ға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды. Яғни ол жеке тұлға бола тұра, тиісті құжаттарсыз, Мемлекеттік кірістер басқармасында жеке кәсіпкер түрінде тіркелмей, пәтерді жалға өткізу бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған.

Сот қаулысымен құқықбұзушы кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік бюджет кірісіне 15 АЕК көлемінде 31 815 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды.