Жаңалықтар

Құрметті оқырман назарларыңызға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының 2 аудандық сотының төрағасы Е. Байболовтың “Маман қорытындысы маңызды рөльге ие” атты сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз

21/08/2023

Құрметті оқырман назарларыңызға Республикалық құқықтық, ғылыми - практикалық ”ЗАҢ” журналының 8-ші басылымында жарияланған, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының 2 аудандық сотының төрағасы Е. Байболовтың “Маман қорытындысы маңызды рөльге ие” атты сұхбатын назарларыңызға ұсынамыз.

”Керуен басы білікті болса, түйе азбайды.

Қолбасы білікті болса сарбазы азбайды” - демекші Ержан Калимолданович аудандық соттың тыныс тіршілігі, өзінің қарамағындағы әрбір маманның сот жүйесінің дамуына қосып жатқан үлесі жайында ойымен бөлісті.

БАҚ пен өзара іс-қимыл мәселелері

15/08/2023

Алматы  облыстық сотында  қылмыстық істер бойынша  сот алқасының төрағасы  Қ.Жантасовтың басшылығымен, соттардың БАҚ пен  өзара  іс-қимыл  мәселелері бойынша  кеңес  өткізілді.

Жиынға облыстық соттың қылмыстық істер  бойынша БАҚ –пен үйлестіруші судьясы Ж.Ақбергенов,  аудандық  және  оған теңестірілген  соттардың төрағалары мен  судьялары және Баспасөз қызметі қатысты.

Қ.Жантасов соттар мен БАҚ арасындағы өзара актуалды  мәселерді атап, сот ісін жүргізуде  ашықтық пен  жариялылық  принциптерін сақтау керектігіне  баса назар аударды.

Талғар аудандық сотының хабарлауынша:

11/08/2023

Алматы облысы Талғар аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-1-бабының 3-бөлігімен (масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлік құлдарын пайдалу қағидаларының бұзылуы салдарынан абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекет) және 347-бабымен (жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) фактілері бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасаған А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өткізілді

04/08/2023

Алматы облыстық сотында Соттармен  өзара іс-қимыл  жөніндегі  кеңестің отырысы өткізілді.

Жиынға ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінің  мүшесі А.Нуржанов қатысты.

Алматы  облыстық  сотының  жанындағы Соттармен  өзара іс – қимыл жасау  жөніндегі  кеңесі құрамы: төрағалық етуші отставкадағы судья – Мырзабеков Есмахан Омарханұлы, отставкадағы судьялар Байғожаев Жангелді Алтынбекұлы, Крутикова Светлана Бозланова, Шалдырмасова Сакен Найманбайқызы, кәсіби медиатор Кабакова Алмагуль Болатовна.

«SMART DATA UKIMET» - алқабилер тізімін қалыптастырудағы өзгерістер мен толықтырулар.

01/08/2023

«SMART DATA UKIMET» - алқабилер тізімін қалыптастырудағы өзгерістер мен  толықтырулар.

Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында, Қылмыстық процеске  алқаби  ретінде қатысу  үшін Қазақстан Республикасының  Қылмыстық-процестік кодексінде  белгіленген  тәртіппен  іріктеліп, тұлғалардың  тізімін «SMART DATA UKIMET» программасына жолдау бойынша  семинар –кеңес өткізілді.

Аталған  іс –шараға  сот әкімшілігінің  басшысы және сот қызметкерлері, бас маман – сот отырысының  хатшылары қатысты.

Алматы облыстық сотының ғимаратында, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы К.Жантасовтың төралығымен тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында жасалған құқық бұзушылықтар бойынша баптарға енгізілген өзгерістер жайлы семинар-кеңес өткізілді.

20/07/2023

Алматы облыстық сотының ғимаратында, қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы К.Жантасовтың төралығымен тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында жасалған құқық бұзушылықтар бойынша баптарға енгізілген өзгерістер жайлы семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңес өңірдегі соттардың төрағалары және судьяларының қатысуымен өтті.

Кеген аудандық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша:

13/07/2023

Кеген аудандық сотының төрағасы С. Құрманбаеваның ұйымдастыруымен «Заңды күшіне енген сот актілерін орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

​Іс шараға сот мамандары, Аудандық прократура басшысы Е.Жамбыл, Алматы облысы жеке сот орындаушылар бөлімінің басшысы А.Мурзаналиевич, жергілікті жеке сот орындаушылар Ж.Сатымбаева, Н.Динанов, Н.Алмабеков қатысты.

Алматы облыстық сотында жаңа тағайындаулар

03/07/2023

Алматы облыстық сотында  жаңа тағайындаулар

Бүгін Алматы облыстық  сотының төрағасы Е.Әбдіқадыровтың  төрағалығымен  жалпы отырыс өткізілді.

Жиынға алқа төрағалары, облыстық соттың судьялары мен Сот әкімшілігі департаментінің қызметкерлері қатысты.

Бүгін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының № 2 аудандық сотының алғашқы төрағасы, сот жүйесінің дамуы мен нығайыуына ерен еңбек сіңірген Бекдайыр Батжанұлы Жумадиловтың құрметіне орнатылған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.

01/07/2023

Бүгін Алматы облысы  Еңбекшіқазақ ауданының № 2 аудандық сотының  алғашқы төрағасы,  сот жүйесінің  дамуы мен нығайыуына ерен еңбек  сіңірген Бекдайыр Батжанұлы Жумадиловтың құрметіне орнатылған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өткізілді.

Шараға Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы Әділ Құрықбаев, Алматы облыстық судьялар Одағы филиалының төрағасы Ербол Құтпанбаев, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Жапсарбаева Қарлығаш, Бекдайыр Батжанұлының жары Әлзия ханыммен, ұлдары Данияр, Мадияр және қызы Дамира  қатысты.

Беттер