Жаңалықтар

Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді

27/11/2023

Алматы облысының Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйымдастыруымен «Әкімшілік құқық бұзушылық істердің рәсімделуі мен сотта қаралу нәтижесін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Жиынға Алматы облысының Әділет департаменті, Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті, Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы, Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, Мемлекеттік кірістер басқармалары мен Төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері қатысты.

Қырғызстандық делегация Алматы облысының соттарында болды

24/11/2023

Қырғызстандық делегация  Алматы облысының соттарында болды

Бүгін Қырғызстан Республикасының  судьялары мен сот қызметкерлерінен құралған делегация  Алматы облысының  мамандандырылған  соттарында болды. Оның құрамында облыстық соттың  судьясы Бекмухаммед Мусурманкулов, аудандық сот судьясы Әділ Жаныбекуулу, Жоғарғы сот қызметкерлері Камчыбек Бапаев пен Бакай Болотбекұлы бар.

Заңды талап нәтижелі қызмет

16/11/2023

Заңды талап нәтижелі қызмет

Алматы облыстық сотының қылмыстың істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қ.Жантасовтың төрағалығымен электрондық қылмыстық істерді қарау тәжірибесіне жүргізілген талдау бойынша семинар кеңес өткізілді.

Іс шараға облыстық соттың алқа судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары бейне конференц байланыс арқылы қатысты.

Жол қателіктерді кешірмейді

13/11/2023

Жол қателіктерді кешірмейді

Алматы облысы Кеген аудандық сотында ӘҚБтҚ 608 бабының1 бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және ұйытқұмарлық масаң күйде басқаруы) құқық бұзушылық әрекеттерін жасаған азамат М., қатысты әкімшілік іс қаралды.

​Сотта құқық бұзушы М., өзіне тиесілі TOYOTA Lucida маркалы автокөлігімен Кеген ауданы, Жалаңаш ауылы, Байғабылов көшесінің бойында спирттік ішімдік ішіп масаң күйде жол көлік оқиғасын жасағаны анықталды.

​Құқық бұзушының кінәсі іс материалдарымен және басқа да объективті дәлелдемелермен өз дәлелін тапты.

Сот қаулысы орындалды

09/11/2023

Сот қаулысы орындалды

Еске сала кетейік, Алматы облыстық соты Кентау қаласының бұрынғы әкімі М., қатысты жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы Қонаев қалалық сотының бұрын шығарған қаулысының күшін жойды.

Прокурордың талап арызы қанағаттандырылды.

Сот үкімі орындау үшін Астана қаласының полиция департаментіне жіберілді.

Бүгінгі таңда М. жазасын одан әрі өтеу үшін ҚР ІІМ қылмыстық – атқару жүйесі комитетінің «№64 мекемесіне» жеткізілгендігін хабарлаймыз.

 

 

2023 жылдың 3 қарашасында Алматы облыстық соты МУИТ бұрынғы ректоры Ш. қатысты прокурордың жеке өтінішін қарады.

04/11/2023

2023 жылдың 3 қарашасында Алматы облыстық соты МУИТ бұрынғы ректоры Ш. қатысты прокурордың жеке өтінішін қарады.

Апелляциялық инстанция Ш., ең төменгі қауіпсіздік мекемесіне ауыстыру туралы бұрын шығарылған сот шешімін бұзып, прокурордың жеке өтініші қанағаттандырылды.

Сот қаулысы орындау үшін Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне жолданды.

 

2023 жылғы 3 қарашада Алматы облыстық соты Кентау қаласының бұрынғы әкімі - М. қатысты прокурордың жеке өтінішін қарады.

04/11/2023

2023 жылғы 3 қарашада Алматы облыстық соты Кентау қаласының бұрынғы әкімі - М. қатысты прокурордың жеке өтінішін қарады.

Апелляциялық саты М., қатысты жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы бұрын шығарылған сот қаулысын бұзды, прокурордың жеке өтініші қанағаттандырылды.

Сот үкімі орындау үшін Астана полиция департаментіне жіберілді.

 

 

Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру және мемлекеттік тілді насихаттау

27/10/2023

Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру және мемлекеттік тілді насихаттау

Алматы облысы Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйымдастыруымен «Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру және мемлекеттік тілді насихаттау» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға сот төрағасы мен қатардағы судьялар, Қонаев қалалық прокуратурасы, әкімшілік полиция басқармасы және сот әкімшісі басшысы қатысты.

25 -қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

24/10/2023

Құрметті қазақ елі баршаңызды 25 -қазан Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз.

Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн.

Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге бақ -береке, татулық пен бейбіт ғұмыр тілейміз.

Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың оң болсын!

 

Алматы облыстық сотында Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесімен кездесу өтті

20/10/2023

Алматы облыстық  сотында Жоғарғы Сот Кеңесінің  мүшесімен кездесу өтті

Алматы  облыстық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының  судьясы, Жоғарғы Сот Кеңесінің  мүшесі Нурия Сисенованың қатысуымен облыстық заңгерлер және судьялар қоғамдастығы арасында ақпараттық кездесу өткізілді.

Беттер