Жаңалықтар

Алматы облыстық сотының 2024 жылғы 19 - 23 ақпан аралығындағы сот төрелігін атқару бойынша ақпарат

23/02/2024

Алматы облыстық сотының 2024 жылғы 19 - 23 ақпан аралығындағы сот төрелігін атқару бойынша ақпарат

-Қылмыстық істер         

2024 жылғы 19 - 23 ақпан аралығында Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қарауына 6 іс келіп түсті, 3 іс тағайындалды, 2 іс қаралды, 1 іс кейінге қалдырылды.

Апелляциялық қарау қорытындысы бойынша 2 іс бойынша қаулы өзгеріссіз қалдырылды.

-Қылмыстық материалдар бойынша

Алматы облыстық соты мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеттің Алматы облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік мекемесі бірлескен семинар-кеңес өткізді

23/02/2024
Ағымдағы жылы 19 ақпанда Алматы облыстық соты мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеттің Алматы облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік мекемесі «Е- Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы жергілікті соттарға келіп түскен өтініштерді қарау бойынша жұмыстың жай күйін қадағалау және қылмыстық-құқықтық статисканың қалыптастырылуы туралы бірлескен семинар-кеңес өткізді.
 

Сақтандыру заңнамасындағы өзгерістерді талқылау және сақтандыру дауларынан туындайтын мәселелерді қарау бойынша дөңгелек үстел өтті

23/02/2024
Ағымдағы жылы 19 ақпанда Алматы облыстық сотының Оқу орталығы сақтандыру заңнамасындағы өзгерістерді талқылау және сақтандыру дауларынан туындайтын мәселелерді қарау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.
 

Жанжалдың қайғылы аяқталуы

20/02/2024
2024 жылғы 19 ақпан күні Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен (басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшырату) фактісі бойынша сотқа берілген К. қатысты үкім шығарылды.
 
2023 жылдың қазан айында сотталушы К. Алматы облысы Қарасай ауданы Алматы-Бішкек автожолының шетінде масаң күйде бола тұра, өзінің азаматтық некедегі күйеуі М. арасында туындаған жанжалдың салдарынан оны жүріп бара жатқан жүк автокөлігінің дөңгелектерінің астына итеріп жіберген.

Сот молекулалық – генетикалық сараптамасын тағайындау кезінде туындайтын мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

19/02/2024
2024 жылғы 14 ақпанда Алматы облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Zoom бойынша онлайн форматында сот молекулалық – генетикалық сараптамасын тағайындау кезінде туындайтын мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Салық, қаржы және жер құқығы салаларындағы мамандар үшін облыстық және оған теңестiрiлген соттар судьяларының бос лауазымдарына конкурс жарияланады (апелляциялық сот сатысы)

16/02/2024

Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі облыстық және оған теңестiрiлген соттарының судья лауазымдарына конкурс жариялайды
(құқықтың жекелеген салаларындағы мамандар үшін)
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның (бұдан әрі – Конституциялық заң) 30-бабы 2-тармағына сәйкес құқықтың жекелеген салаларында мамандар болып табылатын, облыстық сот судьясының бос лауазымына орналасуға үміткер адамдар үшін жеке конкурс өткізілуі мүмкін.

Балалары бар мектеп автобусы мас жүргізушінің кінәсінен апатқа ұшырады

07/02/2024

Алматы облысының Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 3-бөлігі (көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша құқық бұзушы Г. қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

2024 жылғы 5 ақпанда сағат 20:10 шамасында жүргізуші Г. салонында балалары бар мектеп автобусын алкогольдік масаң күйінде басқара отырып, рульді басқара алмай Кемертоған ауылында Жібек Жолы көшесіндегі электр бетон бағанасына соғылуына жол берді.

"Алтын орда"базарының бұрынғы атқарушы директорына қатысты үкім шығарылды

05/02/2024

"Алтын орда"базарының бұрынғы атқарушы директорына қатысты үкім шығарылды

Тергеу барысында М. өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз сақтап, тасымалдады деп айыпталды (ҚК 296-бабының 4-бөлігі).

Сотпен анықталғаны:

Өткен жылдың жазында "Алматы-Бішкек" автожолында полиция қызметкерлерімен автокөлік тоқтатылған, оның артқы жолаушылар орнында сотталушы М. болған.

Жеке тінту кезінде сотталушы М.-да ұнтақ сақталған зат табылып  тәркіленді.

Пранк үшін жазаланды

05/02/2024

Алматы облысы Талғар аудандық сотында ӘҚБтК-нің 434 бабының 1 бөлігі (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқада осындай әрекеттер) бойынша азамат Ә. қатысты әкімшілік іс қаралды.

2024 жылдың 2 ақпанда сағат 20:00  шамасында азамат Ә. Талғар қаласы, Қонаев көшесінде аудандық әкімшілік ғимаратының алдында, жаяу жүргінші жолағының ортасына көбік толған ваннаны қойып, ішінде компот ішіп жатқан.

Сот төрелігіндегі қазақ тілі мәртебесі

05/02/2024

Ағымдағы жылдың 19 қаңтарында  Алматы облысы Қарасай аудандық сот ғимаратында соттағы мемлекеттік тілді қолдау және дамыту мақсатында «Сот төрелігіндегі қазақ тілі мәртебесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиынға Алматы облысы Қарасай ауданы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік істер,  кәмілеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық, Қарасай аудандық соттарының әкімшісі басшысылары және Алматы облыстық Адвокаттар алқасының қатысуымен өтті.

Беттер