Жаңалықтар

Қарасай аудандық сотымен "қамауда ұстау"түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішін қанағаттандырды.

22/12/2023

Алматы облысы Қарасай аудандық сотында ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағында көзделген (алаяқтық, яғни аса ірі мөлшерде алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін ұрлау) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдіктелген А. қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы Алматы облысы Қарасай ауданы ПБ тергеушісінің өтініші қаралды.

Алматы облыстық сотында судьялар таныстырылды

20/12/2023

Алматы облыстық сотында судьялар таныстырылды

Бүгін Алматы облыстық сотында Е. Әбдіқадыровтың төрағалығымен жалпы отырыс өткізілді.

Жиынға Сот алқаларының төрағалары, облыстық соттың судьялары және Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшылығы қатысты.

Төраға Е. Әбдіқадыров жалпы отырыста Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 11 желтоқсандағы № 410 Жарлығымен тағайындалған судьяларды таныстырды.

Жарлыққа сәйкес Талғар аудандық сотының судьясы болып Кристина Александровна Пересторонина тағайындалды.

Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Қазақстан Республикасының тұғыры биік Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

16/12/2023

Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Қазақстан Республикасының тұғыры биік Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!

Бүгін Қазақстан үшін өте атаулы күн, халықты біріктіретін, күш-қуатын, бостандық құндылығын еске салатын, жақсылыққа сенім мен болашаққа сенім ұялататын мереке!

Тәуелсіздік алғаннан бері халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты қайта құрулармен тамаша жалғастырды, тәуелсіздік жылдарында біз әлемдік деңгейде танылып, үлкен жетістіктерге қол жеткіздік.

Осы атаулы күні әрбір отбасына зор денсаулық, амандық пен тұрақтылық тілейміз.

Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық істердің жағдайы туралы жедел кеңес өткізілді.

11/12/2023

Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот төрағасы Ш.Қожантаевтың төрағалық етуімен Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық істердің жағдайы туралы жедел кеңес өткізілді.

Жедел кеңеске Жамбыл, Қарасай аудандық прокуратурасы және аталған аудандардың полиция органдарының басшылық құрамы қатысты.

Төрағалық етуші қатысушыларды күн тәртібіндегі тақырыппен таныстырып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар алаңдатушылық туғызып отырған мәселе екенін атап өтті.

Алқа билер соты – адалдық пен әділдіктің бейнесі

08/12/2023

Алқа билер соты – адалдық пен әділдіктің бейнесі

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Чапаев ауылдық округынің әкімі А.Н. Қалиевтың тұрғындармен кездесуі өткізіліп, аталған іс шараға Алматы облысы қылмыстық істер жөніндегі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот әкімшісі басшысы С.Қалмақбаева қатысты.

Сот әкімшісі басшысы қазіргі таңда қабылданған заңдарға сәйкес алқабилердің қатысуымен қаралатын істер, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарында қаралатындығын тұрғындар назарына жетікізіп, әрбір азаматтың білуі жөн ақпараттармен бөлісті.

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте

07/12/2023

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте

Алматы облысы бойынша судьялар Одағы филиалының Төрағасы Е.С.Құтпанбаевтың басшылығымен облыстық сотта «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Тірліктің күші - бірлікте

06/12/2023

Тірліктің күші - бірлікте

Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан аудандық және мамандандырылған соттар мемлекеттік тілді қолдану аясында тәжірибе алмасу мақсатында мемлекеттік мекемелермен кездесу өткізді.

Іс шараға аудандық әне ауылдық округ әкімдіктерінің мамандары мен жергілікті құқық-қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.

Лудомания – қоғам дертіне айналған заманауи мәселе

30/11/2023

Лудомания – қоғам дертіне айналған заманауи мәселе

Бүгін Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Е.Айтжановтың төрағалығымен, аудандық және оған теңестірілген соттардың қатысуымен лудомания мәселесіне байланысты семинар өткізілді.

Іс шараға Алматы облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Төлеген Кенжебеков шықырылды.

Аталған іс шара қоғам арасында белсенділік танытып келе жатқан «Лудомания» мәселесінің пайда болуы мен оның алдын алу жолдарын талқылауға бағытталды.

Заңсыз аңшылық тыйылмай тұр

30/11/2023

Заңсыз аңшылық тыйылмай тұр

Алматы облысы Кеген аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337 –бабының 1- бөлігімен (заңсыз аңшылық) бойынша сотқа берілген Д., қатысты қылмыстық іс қаралып, сот үкімі жарияланды.

24 сәуір 2023 жылы сағат 10:54 шамасында Кеген ауылы Райымбек көшесінің бойында Кеген АПБ-нің қызметкерлері қара түсті Лексус автокөлігін тоқтатып тексеру кезінде автокөліктің жүк салғышынан еліктің және сарыала құстың еті, сонымен қатар пышақ, дүрбі, мылтық, әр түрлі калибрлі оқтар табылып, барлығы Д.-ға тиесілі екені анықталды.

Алматы облыстық сотының ғимаратында жедел-тактикалық оқу-жаттығу шаралары өткізілді.

27/11/2023

Алматы облыстық сотының ғимаратында жедел-тактикалық оқу-жаттығу шаралары өткізілді.

2023 жылдың 25 қарашасында Қазақстан Ресбпуликасы Сот әкімшілігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің ұйымдастыруымен Алматы облыстық сотының ғимаратында құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қатысуымен жедел-тактикалық оқу-жаттығу шаралары өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - түрлі дағдарыстық жағдайларға ден қою жөніндегі міндеттерді орындауға күштер мен құралдардың дайындығын тексеру.

Беттер