Алматы облыстық сотында Астана күніне арналған салтанатты шара өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облыстық сотының төрағасы М.Таймерденов облыс соттарымен онлайн - режимде Астана күніне орай салтанатты жиын өткізді.

Өзінің құттықтау сөзінде Мейрамбек Таймерденов: «Қазіргі таңда Астана әлемдік іскерлік байланыстың күре тамырына саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша түрлі кездесулер өтетін Еуразия кеңістігінің орталығы ретінде әлемге танылды. Әлемдік деңгейдегі адамзат игілігі жолындағы шаралардың Қазақстанның Елордасында өтуі – әрбір қазақстандық үшін үлкен мәртебе.

         Астана – Шығыс пен Батыс халықтарының мәдениеті мен өркениетінің жақындасуының белгісі. Астана қаласын EXPO-2017 халықаралық көрмесі өтетін орын ретінде таңдап алынуы да зор мақтаныш», - бұл біздің Елордамыздың мұндай шараларды қабылдауға лайықты, жоғары дамыған орталық деп танудың белгісі. Елбасы Н.Назарбаевтың саясаты барша Қазақстанға ортақ жеңіс, халықаралық қоғамдастықтың үлкен сенімі мен жоғарғы бағасы» - деп атап өтті.

Сот төрағасы барша қауымды Астананың 17 жылдығымен құттықтап, Отанымыздың өркендеп, көркейе беруіне тілектестігін білдіріп, шын жүректен зор денсаулық, игілік, табыс және бақыт тіледі.