Алматы облыстық сотында жаңа судьялар таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
«Алматы облыстық сотында жаңа судьялар таныстырылды»
Алматы облыстық сотында жалпы отырыс өткізілді.
Жиынға Сот алқаларының төрағалары, облыстық соттың судьялары және Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшылығы қатысты.
Облыстық сот төрағасының м.а. Қ.Досымбет, жалпы отырыста Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 486 Жарлығымен тағайындалған судьяларды таныстырды.
Жарлыққа сәйкес:
Балқаш аудандық сотының судьясы болып Сәуле Мақсатқызы Өтепбергенова,
Еңбекшіқазақ аудандық сотының судьясы болып Аида Кенжебекқызы Омарова,
Жамбыл аудандық сотының судьясы болып Ернар Кенжебекұлы Кәрібаев,
Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болып Алмас Елмаханұлы Ділдабаев,
Талғар аудандық сотының судьясы болып Айнагүл Сейілбекқызы Түкібаева тағайындалды.
Жоғарыда аталған тұлғалар қатардағы судьялар болып табылады.
Жиын соңында төрағаның м.а. судьяларға жұмыста табыс тілеп, іс жүргізу және материалдық заңнама талаптары мен сот этикасы нормаларын қатаң сақтауды талап етті.
 
Қайнар: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі