Алматы облысында Бахытбек Есентаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2016 жылғы 10 маусымда Алматы облысы Талғар ауданында продюссер және тележүргізуші Баян Есентаеваға (Б.Мақсатқызы) қатысты, оның күйеуі Бахытбек Есентаевпен жасалған адам өлтіруге оқталу және зорлау туралы қылмыстық іс бойынша үкім жариялады.

Осы қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен судья Б.Байжунусовтың төрағалық етуімен қаралды. Іске қатысушы адамдар өмірінің ашық айтпайтын сырлары туралы мәліметтердің жария етілуін болдырмау мақсатында қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды.

Жарыссөз барысында жәбірленуші Баян Есентаева мен оның адвокаты соттан Бахытбек Есентаевты бас бостандығынан айырмай, ақтауды сұраған. Алайда, тағылған айыпқа сәйкес, Бахытбек Есентаев айыпталып отырған қылмыстық жазаланатын іс-әрекет, аса ауыр қылмыстар санатына жатады, бұл тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкіндігін жоққа шығарады.

Сотта зерттелген дәлелдемелер негізінде алқабилердің үкімімен Бахытбек Есентаев ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 1-бөлігі (адам өлтіруге оқталу) бойынша кінәлі деп танылып, оған қатаң режимдегі түзеу колониясында жазаны өтеуге 9 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Бахытбек Есентаев 120-баптың 1-бөлігі (зорлау), 121-баптың 1-бөлігі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша сотталушының қылмыстық құқық бұзушылық жасауға қатысуы дәлелденбей,  ақталды.