Облыс бойынша ашық есік күні өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылы 12 желтоқсанда сағат 10.00-де халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, сот саласына деген халықтың сенімділігін арттыру шарасы ретінде Алматы облысының барлық соттарында біріңғай ашық есік күні өткізілді. Бұл шараға облыс бойынша және аудандарға шаққанда 100 адамнан астам қатысты. Бұл тұрғындарға өздерінің туындаған сұрақтарын қою үшін өте жақсы мүмкіндік болды.

       Жеке тұлғалар, сот істері бойынша талапкерлер мен жауапкерлер және қала тұрғындары  заңгерлік көмекке жүгінді.

       Келушілердің көпшілігінің қойған сұрақтары азаматтық құқықтың іске асырылуы, заңды көзқарастарының сақталуы және еңбек, жер, тұрмыстық, жанұялық қарымқатынасқа байланысты қойылды. Қойылған әр сұраққа толық, заңды жауаптар беріліп, кейбір қойылған сұрақтарға нақты жауап алу үшін заң кеңесіне жүгіну ұсынылды.