Заң білмеушілік, жауапкершіліктен босатпайды
11/03/2014
Алматы облысының Қаратал аудандық сотымен орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағашты кескені үшін, ауданның жергілікті тұрғынына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындап, бір тал үйеңкі ағашын рұқсатсыз отынға кескенін, ағаш кесу үшін рұқсат алу керектігін білмегенін айтты.