Архив событий

04/04/2014

Оңай жолмен олжалы болғысы келген балықшы броконьер атанды

04/04/2014

Балқаш ауданының тұрғыны Іле өзенінің жағасына келіп, үрлемелі резина қайығымен электр тогын өндіретін генераторды, яғни, аккумулятор, тоқ өндіретін генератор, шанышқы, сүзбе,  жарық бергіш пайдаланып, балықтарын заңсыз аулап, жалпы салмағы 18 кг. құрайтын, жалпы сомасы 15579 тенге залал келтірген.  

Басты сот талқылауында сұралған сотталушы өзіне тағылған айып бойынша кінәсін толығымен мойындап, жасаған қылмысына қынжылып  өкінетінін, келтірілген залалды толығымен өтегенін айтып,  қылмыстық жазадан босатуды сұрады.