Архив событий

24/04/2014

Балхаш ауданының тұрғыны ерекше қорғалған аймақта заңсыз аңшылық жасағаны үшін сотты болды

24/04/2014

Алматы  облысы  Балқаш  аудандық  соты Қазақстан  Республикасы  Қылмыстық Кодексінің  288- бабының  1- бөлігі «Г» тармағымен  айыпталған, аудан тұрғынына қатысты қылмыстық  iсті қарады.

Қылмыстық істі қарау барысында анықталғаны, сотталушы рұқсат қағазсыз, заңсыз аңшылық жасап, «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи аумағында заңсыз 5 дана қақпан құрып, әрқайсысының құны 9260 теңге тұратын 22 дана су тышқандарын   аулаған. Сотталушы осындай қылмыстық әрекетінің салдарынан мемлекетің жануарлар қорына 203 720 теңге залал келтірген.