Архив событий

16/04/2014

Есірткі сатушы сотталды

16/04/2014

Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз иемдену, тасымалдау және сақтаудың ерекше қоғамдық қауіптілігі, осы қылмыстардың пайдакүнемдік мақсатта жасалып, бірінші кезекте халық денсаулығына қарсы бағытталуынан және құқықтық тұрақтылық пен қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық жай күйге кері әсерін тигізетіндігінен көрініс табады.

Жақында дәл осы санаттағы қылмыстық іс Алматы облысының Қапшағай қалалық сотында қаралды.

Әпкесі сұғанақ інісіне кешірім жасады

16/04/2014

Алматы облысы Қаратал аудандық сотымен ҚР ҚК-нің 175 бабы 1 бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін айыпталған, 1981 жылғы Алматы облысының тұрғыны М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы М. әйелі екеуі әпкесінің үйіне қонаққа келіп, екі күн түнеп үйлеріне қайтқан күні, жәбірленуші үйіндегі ақшасын жоқтайды. Ашуға мінген әпкесі полицияға жүгініп, туған інісінен күдіктенетінін де жасырмайды.