Есірткі сатушы сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз иемдену, тасымалдау және сақтаудың ерекше қоғамдық қауіптілігі, осы қылмыстардың пайдакүнемдік мақсатта жасалып, бірінші кезекте халық денсаулығына қарсы бағытталуынан және құқықтық тұрақтылық пен қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық жай күйге кері әсерін тигізетіндігінен көрініс табады.

Жақында дәл осы санаттағы қылмыстық іс Алматы облысының Қапшағай қалалық сотында қаралды.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, Қапшағай АІІБ-не Қапшағай қаласының тұрғынының заңсыз есірткі зат героин сатумен айналысатыны туралы ақпарат түседі.

Осы қылмыстық әрекетке тыйым салу мақсатында,  жанама есімді  азаматқа ақшаны беріп, оны бейнежазу құрылғысымен жабдықтап, есірткі затты  сатып алу үшін есіркі тасымалдаушыға жібереді. Жанама есімді  азаматқа сотталушы  екі фольга орамындағы ірі мөлшердегі есірткі зат героинді 3000 теңгеге сатады. Сондай-ақ, жедел іздестіру шаралары барысында,  сотталушының тұрғын үйінен тағы да, 3 фольга орамындағы есірткі зат героин табылған.

Алматы облысы Қапшағай қалалық сотының үкімімен сотталушы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 259-бабының 2-1-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасауда кінәлі деп танылып, алты жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтейтін болады және оған нашақорлықтан мәжбүрлі түрде еріксіз емдеу тағайындалды.

 

Қапшағай қалалық сотының баспасөз қызметі