Архив событий

09/09/2014

Қылмыстық кодексті талқылау

09/09/2014

Іле аудандық сотының ғимаратында осы соттың төрағасы Ж.Жайлаубайдың ұйымдастыруымен 2015 жылдың қаңтар айынан қолданысқа еңгізілетін ҚР ҚІЖК-нің сотқа дейінге тергеуді қолдану тәртібі тарауы және қылмысты ізге түсу ұйымның ролі туралы жаңа кодекске сәйкес дөңгелек үстел жүргізілді.

         Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты 2015 жылдың қаңтар айынан бастап қолданысқа енетін ҚР ҚІЖК-нің талдау көзделді.

        Дөңгелек үстелге аудандық прокуратура, ІІБ қызметкерлері, заң кеңсесі және аудан тұрғындарымен БАҚ өкілдері қатысты.

Қаулы шығарылды

09/09/2014

Панфилов аудандық сотымен келесі қылмыстық іс қаралды: А. Жаркент қаласында орналасқан «Атлантик» мейрамханасының ішінде столдың  үстінде тұрған сатылу бағасы 65 000 теңге тұратын «Samsung Tab-3» ұялы телефонын және телефон ішіндегі сатылу бағасы 300 теңге тұратын «Activ» сим-картасын жасырын түрде ұрлап, жәбірленушіге 65 300 теңге мүліктік зиян келтірген.

         Сөйтіп А. ҚР ҚК-нің 175 бабы 1 бөлігімен көзделген қылмысты жасаған.