Архив событий

15/09/2014

Қасақана бағынбай

15/09/2014

Балқаш аудандық сотының судьясы өндірісінде Ф-ке қатысты әкімшілік іс қаралды. Істі қарау барысында анықталғаны Балқаш ауданы, Аралтөбе ауылы Б.Момышұлы көшесінің бойында Ф. спирттік ішімдікке масаю күйінде жүрген жерінен полиция капитаның қоғамдық тәртіпке шақырған заңды талаптарына бағынбай, былапыт сөздермен балағаттап, ар-намысына тиген.

Ф-нің кінәсі яғни iшкi iстер (полиция) органының қызметкерінің өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңды талабына қасақана бағынбай тiл тигiзгендігі әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасымен толығымен дәлелденді.

Қаржылық бақылау шараларын бұзу

15/09/2014

Камералдық тексеріс барысында анықталғандай, М. мемлекеттік қызметтен теріс себептермен босатылған М-тың жұбайы бола тұра 2013 жылғы салық салу объектісі болып табылатын табыстары мен мүлкі туралы декларацияланы уақытысында тапсырмаған.

            М. кінәсі әкімшілік құқық бузушылықты жасағаны әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен және тағы да басқа құжаттармен толықтай дәлелін тапқан.

Ойдан шығарған іссапар жауаптылықтан құтқармады

15/09/2014

Жол жүру ережесін бұзушылар әкімшілік жауаптылықтан жалтару үшін кейде небір айла тәсілдерге барып жатады: құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің талаптарына бағынғылары келмей, құжаттарын көрсетпей, өздерін ақтау үшін түрлі оқиғаларды да ойлап табады.